2018 жылыдң алтыншы ақпанында №4 Атырау қалалық емханада дәрігерлер Г.Альдешова., М. Испергенова, медицина қызметкерлеріне вакцинация сұрақтары жөнінде семинар өткізді. Семинарда дәрігерлер 06.03.2015 ж №190 «Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар», 30.12.2009 ж. №2295 «Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесі», 04.02.2015 ж. №76 «Профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды сақтау, тасымалдау және пайдалану»қағидалары» қағидаларды слайд арқылы түсіндіріліп, қойылған талаптарға тоқталды. Медицина қызметкерлері арасында пікір талас жүріп, қойған сұрақтарына түсінікті жауаптар алды.













