Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының “№ 4 Атырау қалалық емханасы” ШЖҚ КМҚК ересектер мен балаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде амбулаториялық-емханалық көмек көрсетеді.
Орындалатын көмек түрлерінің тізбесі:
1. Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті азаматтар тіркелген жердегі терапевтер, педиатрлар, акушер-гинекологтар, ЖПД дәрігерлері, учаскелік мейірбикелер, фельдшерлер көрсетеді.
2. Білікті медициналық көмекті хирург, отоларинголог, окулист, невропатолог, эндокринолог, кардиолог, инфекционист, стоматолог, Профпатолог дәрігерлер көрсетеді.,
3. Диагностикалық қызметтер: зертханалық (Жалпы клиникалық, биохимиялық, бактериологиялық, цитологиялық, ИФТ зерттеу), рентгенологиялық, спирография, спирометрия, ЭКГ зерттеу, ФГДС (фиброгастроскопия), УДЗ зерттеу, кардиомониторлау
4. Әлеуметтік-профилактикалық қызметтер: психолог және әлеуметтік қызметкерлер, вакцинация, профилактикалық тексерулер, отбасын жоспарлау және ана мен бала денсаулығын қорғау бойынша түсіндіру жұмыстары,
5. Емдеу қызметтері: инъекциялар, медициналық ұйымның шығыс материалдарын пайдалана отырып амбулаториялық манипуляциялар; шұғыл көмек көрсету, физиоемдеу және массаж.
6. Емхана мамандарының жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын көмек (күндізгі стационар, үйдегі стационар).
МСАК-ты 2 ЖПД дәрігер, 8 терапевт, 4 педиатр және 3 акушер-гинеколог және орта медициналық персонал көрсетеді.
Мамандандырылған көмек көрсетіледі:
– Кардиолог
– Невропатолог
– Офтальмолог
– Хирург
– Эндокринолог
— Стоматолог
— Профпатологом.
Зертханалық-диагностикалық диагностика:
– ЭКГ
– УДЗ
– Рентген, флюорография
– ИФТ
– Клиникалық, биохимиялық зерттеу
– Эндоскопия
– Кардиомониторлау.