Первый руководитель

                                                                                             Өмірбаян

         Сабиров Еркін Бекетұлы 23 шілде 1966 жылы Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор поселкесінде дүниеге келген, М.Әуезов мектебін бітіріп, 1984-1991 жылдар аралығында Ақтөбе  мемлекеттік медицина институтін, педиатр факультеті бойынша бітірген.

         1991-1992 жылдары Атырау қаласында облыстық ауруханадан                        1 жылдық интернатурадан «Анестезиология-реаниматология» мамандығы бойынша өткен.

         1992 жылдан Индер аудандық біріккен ауруханасында дәрігер реаниматолог-анестезиолог болып еңбек жолын бастаған.

         1992-1999 жылдар аралығында бөлім меңгерушісі, бас дәрігердің емдеу ісі бойынша орынбасары қызметтерінде жұмыс жасаған.

         1999-2000 жыл аралығында Индер аудандық туберкулез ауруханасында бас дәрігер болып еңбек еткен.

         -2009 жылдары Индер аудандық ауруханасы бас дәрігері лауазымында жұмыс жасаған.

         2010-2012 жылдары Махамбет аудандық ауруханасы бас дәрігері болып жасаған.

         2013 жылы Атырау қаласы әкімі апаратында бөлім менгерушісі болып жұмыс жасаған.

         2014 жылы «Медикер» ЖШС Атырау филиалы директоры лауазымында жұмыс жасаған.

         2015-2017 жылдары №1 қалалық емхана директоры болған.

         2017-2021 жылдары Еркінқала дәрігерлік амбулатория директоры болып жұмыс жасаған.

         2021 жылдың 1 қарашасынан №4 қалалық емхана директоры жұмысында.

         Үйленген. 2 қыз, 1 ұл бала тәрбиелеп отыр. Алматы, Астана, Ақтөбе қалаларында білімін жетілдіру бағытында оқыған. Латвия,Финляндия мемлекеттерінде семинар конференцияларға қатысқан. Тәуелсіздіктін 10 жылдық мерекесіне медалі, «Алтын дәрігер» төсбелгісі, «Денсаулық саласы үздігі» төсбелгісі иегері.