Коронавирус індетіне қарсы екпе салудың өзіндік негізгі шарттары, алгоритмдері бекітілген болатын. Бірінші кезекте медицина қызметкерлері, одан кейін мұғалімдер, полиция қызметкерлері, құқық қорғау саласының қызметкерлері кезең-кезеңімен екпе алып жатыр. Арнайы кесте жасалып, қызметкерлер қаланың әртүрлі емханаларына бөлінді – бұл өте ыңғайлы және кезектердің пайда болуын болдырмайды.
№4 қалалық емхана бойынша, я 63 полиция, 24 мұғалімдер қызметкерлері екпе алды. Олар қатардағы бөлімдердің қызметкерлері: учаскелік инспекторлар және тәулік бойы кезекшілік ететін полиция өкілдері. Полиция басқармаларының қызметкерлері тұрғындармен тығыз байланыста. Мақсат – жеке құрам арасында жұқтыру мен коронавирустық инфекцияның таралу қаупін болдырмау.













