2018 жылыдң алтыншы маусымында №4 Атырау қалалық емханада дәрігерлер Менингококк инфекциясының алдын алу мақсатында медицина қызметкерлеріне семинар өткізіп, емханаға келушілер арасында түсінік жұмыстарын жүргзді. Семинарда дәрігерлер ҚР ДСМ 2018 жылғы 27 наурыздағы № 126 бұйрығы “Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар” санитариялық қағидаларын слайд арқылы инфекцияның түрлерін, белгілерін, емі мен алдын алуды жұмыстары түсіндірді. Инфекцияға бақылаудың күшейтілгені, ауру байқалған жағдайдағы іс-шаралармен әрекеттер айтылды.Емханаға келушілер арасында түсінік жұмыстары жүргізіліп, брошуралар таратылды. Медицина қызметкерлері мен емханаға келушілер қойған сұрақтарына түсінікті жауаптар алды













