Атырау қаласында іссапармен жүрген Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының бас дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Балтабеков пен Атырау облыстық онкологиялық диспансердың басшысы Эльмира Сапаровамен, № 4 емханадағы ерлер мен әйелдерді бақылау кабинеттерін аралады. Онкологиялық ауруларды алдын алатын медициналық тексерістің алгоритімімен танысты. Сондай-ақ дәрігер-онколог Нұрлан Тұрсынұлы, емхана қызметкерлеріне шеберлік сағатын ұйымдастырып, науқастармен де кездесті. Қатерлі ісіктің алғашқы сатысы белгілері, оны анықтау, онкологиялық ауруға күдік туындағанда, одан кейінгі медициналық зерттеу қадамдары, диспансерлік есептегі пациенттердің емделу қағидалары бойынша дәріс берді.