№4 емханада АИТВ/ЖИТС жөнінде семинар

№4 емхананың мәжіліс залында 2018 жылыдң бірінші тамызында дәрігер эпидемилолог М.Испергенова, бас мейірбике Р.Қарабасова медицина қызметкерлеріне «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбына семинар өткізді.

Семинарда ҚР ДСМ және ӘДМ  2015 жылғы 23 маусымдағы № 508 бұйрығы «Клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша адамдарды АИТВ инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы» бұйрықты басшылыққа алып АИТВ/ЖИТС-тің берілу жолдар, алдын алу, эпидемиологиялық және клиникалық көрсетілімдер, рецепиенттер және апаттық жағдайдағы №39 бұйрықта көрсетілген модульдар жөнінде мағұлматтар берді.                            Медицина қызметкерлері арасында пікір талас жүріп, сұрақтарына  жауаптар алды.