№4 емханада сыбайлас жемқорлық туралы семинар өткізілді

2018 жылдың бесінші маусымында №4 қалалық емхана медицина қызметкерлеріне жемқорлықтың  алдын алу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  баршамызға ортақ іс» атты тақырыпта семинар жүргізді.

Семинарда  алдын алу бөлім меңгерушісі М.Испергенова емхана қызметкерлеріне  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңның қабылданғанын,  бағдарламаның дәйекті түрде жүзеге асырылып келетініне  тоқталды. Сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті түрі парақорлықтың  түп тамырын жою мақсатында  алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып келетінін түсіндірді. Қатысушылар  қойған сұрақтарына түсінікті жауаптар  алды.