№4 қалалық емханада Халықаралық қатерлі ісікке қарсы күрес күніне орай Онкологиялық аурулардың алдын алуға арналған Ашық есік күні өтті.

Тұрғындар онкогинекология, маммология, урология, онкодерматология және т.б. бағыттар бойынша онкологтардан тегін білікті кеңес алды.

⭕ Егер қатерлі ісік немесе алдын – ала диагноз анықталса, пациенттер одан әрі тексеруге жіберілді.

📌 “Сүт безі қатерлі ісігі-қазіргі уақытта онкологияның ең көп таралған түрі. Онкологиялық аурулардың дамуының басты қауіптілігі-бастапқы кезеңдерде оның сыртқы көріністері жоқ және адам өзін сау деп санайды. Сондықтан мамандарға үнемі және уақытылы жүгініп, профилактикалық тексерулерден өту өте маңызды”,-деді №4 емхананың онколог дәрігері Самеш з. Қ

⭕ Сондай-ақ, медициналық тексеруден және профилактикалық тексерулерден үнемі өту әртүрлі ауруларды ерте сатысында анықтауға және емдеуді тез бастауға мүмкіндік беретінін еске саламыз.

⭕ Қазақстан Республикасында онкологиялық науқастарды диагностикалау мен емдеу толығымен мемлекет есебінен жүзеге асырылады және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіреді. Декреттелген халыққа тегін онкологиялық скринингтер жүргізіледі: сүт безі обыры (әйелдер), жатыр мойны обыры (әйелдер) және колоректальды Обыр (ерлер мен әйелдер).