№4 қалалық емханаға қарасты мектеп оқушыларға ориентация жұмысын ұйымдастыру мақсатында медицина мамандарын дәрігер,мейіргерді таңдауға мектеп оқушылар арасында “Ашық есік күні” өткізілді.

14 қазан күні Ы.Алтынсарин мектептің медбикесінің ұйымдастыруымен 9, 11 сынып оқушылар арасында медицина мамандығына бейімі бар үгіт насихат жұмысы жүргізілді.
Мектеп оқушылары емхананың хирург, психолог, стоматолог, кардиолог, мамандарымен кездесіп, оқушылар дәрігерлердің жұмыс кабинеттерімен, жұмыс барысымен, қызметтерінің қиыншылығымен және де қызық сырларымен танысып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды. Кездесудің соңында оқушыларға психологиялық тренинг өткізіліп, тренинг барысында оқушылардың 70% дәрігер мамандығын таңдауға ниет білдірді.