Атырау политехникалық жоғары колледжде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу және вакцинация қарқынын жоғарылату мақсатында 18 жасқа толған студенттер арасында насихаттау жұмыстары жүргізілуде.
Қалалық әкімшіліктің ұйымдастыруымен №4 Атырау қалалық емханасының жанұя денсаулығы орталығының (ЖДО) меңгерушісі Әбисатова Ақмарал Жулдызқызы мен дәрігер-эпидемиологы Хамзин Тілепберген Хамешұлы студенттерге вакцина алудың маңыздылығын түсіндірді.













