№4 ҚЕ  жасөспірімдер  дәрігері Г.Т. Оразова.,  СӨСҚ медбикесі М.М.Оспанова 2018 жылыдң 20 ақпанында Ғ.Мұратбаев, Ә Жангельдин   атындағы орта мектептердің ата-аналарына  және оқушыларына  «Вирусты гепатит А», «Тұмау» жұқпалары туралы семинар  және «Алға қадам»  акциясын  өткізді.

Шараларда  дәрігер Қазақстан Республикасында Тұмау мен Гепатит А ауруларының көтеріліп тұрғаны , АИТВ/ЖИТС жұқпасы мен нашақорлық туралы мәлімет берді. Слайд  арқылы жұқпалардың  таралу жолдары, алдын алу іс-шаралары, наша туралы оның адамзатқа тиетін зияндылығы мен салдары,  мектеп ішінде тазалықтың сақталуы, балалардың жек бас гигиенасын  түсіндірді. Мамандар ата-аналарға психоәлеуметтік кеңес берді.

 

Yandex.Metrica