2018 жылдың алтыншы сәуірінде №4 ҚЕ мәжіліс залында медицина қызметкерлері арасында инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу мақсатында обаға қарсы киім киіну және шешіну тәртібі  бойынша  оқу – жаттығу  сабағы өткізілді.

Жаттығу сабағында дәрігер инфекционист М.Адырбекова  медицина қызметкеріне 1 –типтегі қорғаныш костюмнің жиынтығының құрамын, сынама алуға арналған, жеке қорғаныш заттарды, дезинфекциялық және тұзды ерітінділерді көрсетіп, түсіндірді. Медицина  қызметкері  обаға қарсы костюмді тәртіп бойынша киіп және шешіп көрсетті.

 

Yandex.Metrica