2018 жылыдң  20 сәуірінде  №4 Атырау қалалық емхана  дәрігер педиатр  Г.Альдешева.,   жасөспірім дәрігері  Г.Оразова., СӨСҚ медбикесі М.Оспанова медицина қызметкерлері мен мектеп оқушыларына Еуропалық иммундау апталығына  орай  семинарлар өткізді.

Семинарда  дәрігерлер «Сізді және сіздің айналаңыздағы адамдарды ауыр түрде өтетін аурулардан қорғау үшін вакциналар әрекет етуде!»  ұранымен өткізілетін иммунизациялаудың   міндеті, маңыздылығына тоқталып, иммунопрофилактикаға сенімді көзқараспен қарауға, вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы айтып, Ә.Жангельдин атындағы орта мектептің 16 жастағы оқушыларына АДС-М вакцинациясы салынды.

Семнарға қатысыушылар арасында пікір талас жүріп, қойған сұрақтарына түсінікті жауаптар  алды.

Yandex.Metrica