2018 жылыдң 15 наурызында №4 қалалық емхананың мәжіліс залында Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орай «Өзіңді туберкулезден қорға» атты дөңгелек үстел өткізілді.  Дөңгелек үстелге СӨСҚ орталығының директоры А. Сралиева, Облыстық туберкулезг қарсы күрес диспансер дәрігері Д.Тайпанова,  денсаулық сақтау комитетінің мамандары және емхана қызметкерлері қатысты. Шараны   директор орынбасары М.Өтеғалиева ашты. Дәрігер эпидемиолог М.Испергенова  емхана бойынша салыстырмалы түрде туберкулездің жағдайын слайд арқылы баяндама жасады. Дәрігер фтизиатр Д.Тайпанова, фтизиопедиатр А.Мендігереева туберкулезге дүниежүзілік көзқарасты, жалпы халық арасындағы туберкулездің жағдайына,   салынатын манту сынамасын, БЦЖ екпесін, (БЦЖ ревакцинациясы), диаскентест диагностикасын қолдану техникасына, екпеден бас тартушылар  жөнінде  мәлімдеме жасады. Қонақтар сөз сөйлеп бірлесіп туберкулездің алдын алуға а шақырды.

 

Yandex.Metrica