2018 жылдың 14 ақпанында №4 ҚЕ мәжіліс залында Атырау облыстық обаға қарсы күрес станциясының дәрігері Е.Аміржановтың қатысуымен медицина қызметкерлеріне аса қауіпті карантиндік аурулардың алдын алу мақсатында семинар жүргізілді.

Семинарда  карантиндік аурулардың эпидемиологиясы, эпизоотологиялық негіздері, клиникалық көрсетілімдері, диагностикасы, профилактикасы, күдікті жағдайда жасалынатын сақтық шаралар жөнінде әдістемелік көмек көрсетілді.

Қатысушылар  қойған сұрақтарына түсінікті жауаптар  алды.

 

Yandex.Metrica