Емхананың негізгі міндеті:

  1. аймақта бекітілген тұрғындарға емханада және үй жағдайында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету;
  2. тұрғындар арасында профилактикалық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және жүргізу;
  3. тұрғындарға диспансерлік бақылау ұйымдастыру және жүргізу;
  4. тұрғындарға санитарлық-гигиеналық тәрбие беру және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс шара ұйымдастыру және жүргізу.

 

Жүктелген міндеттерді орындау жолында емхана жүзеге асырады:

  1. денсаулығына және ауруының түріне қарай емханаға қатынай алмайтын,-ауруханалық емге мұқтаж науқастарға жүйелі дәрігер бақылауы немесе ауруханаға жатқызу туралы сұрақты шешу бойынша тұрғындарға уақытылы да білікті дәрігерлік көмекті емханада және үй жағдайында көрсету;
  2. жіті және кенеттен науқастанған ауруларға, жарақаттану ,улану,тағы басқа да сәтсіз жағдайларда ауруларға алғашқы және шұғыл медиицналық көмек көрсету;
  3. емханаға жүгінген емделушілердің ауруын ерте анықтау, сапалы және толық көлемде зерттеулер мен тексерулерді жүргізу;
  4. стационарлық емделуге мұқтаж тұлғаларға ауруының түріне сәйкес қажетті зерттеулер мен тексерулерді жұргізу және уақытылы ауруханаға орналастыру;
  5. ауруларды қалыпты емдеу;
  6. профилактикалық алдын-ала тексерулердің барлық түрлерін жүргізу;
  7. тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласы бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу;
  8. тұрақты еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан тұлғаларға, уақытша еңбекке жарамсыз науқастарға қабылеттілік анықтау сараптамасын жүргізу, жеке тұлғаларды санаторлық-курорттық емдеуге жолдау, Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің сауықтыру орындарына жолдама беру.